KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Алексей Полторанин 15 шақырымдық классикалық жарыста күміс жүлдеге ие болды

12.03.2013, 18:00 269


Жерлесіміз шаңғышы Алексей Полторанин Финляндияда тағы бір спорттық белесті бағындырды. Атап айтқанда, Лахти қаласында өтіп жатқан әлем кубогы-ның оныншы кезеңінде жерлесіміз 15 шақырымдық классикалық жарыста күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл бәсекеде норвегиялық шаңғышы Петтер Нортуг жерлесіміздің жолын кесті. Ол таяуда ғана өткен Әлем чемпионатын-да да осы қашықтықта бірінші орын алған болатын. Ал үшінші орынды Нортугтің командаласы Мартин Йонсруд Сунд-
бю еншіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алексей Полторанин Италияның Валь-ди-Фьеме қаласында ақпан айында өткен Әлем чемпионатында екі бірдей қашықтықта қола медальды иеленген-ді. Алдымен командалық спринттегі бәсекеде жарыс жолына Николай Чеботько екеуі шығып, қола медальға кол жеткізді. Одан соң 50 шақырымдық қашықтықта сынға түскен Алексей үшінші болып мәреге жетті. Қазақстан құрамасындағы спортшылар соңғы 18 жылдың ішінде бірде-бір медаль алмағанын ескерсек, бұл әрине, атап айтуға тұрарлықтай жоғары жетістік болды. Әлем чемпионатында Қазақстан командалық есепте 12-ші орынға көтерілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив