KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Учаскелік инспекторлар қалай жұмыс істеп жүр?

20.01.2013, 18:00 152


Үстіміздегі жылдың 1-ақпанынан бастап қалалық ішкі істер басқармасы облыс орталығындағы барлық учаскелік полиция инспекторларының жұмысын тексеретін болды, деп хабарлайды Өскемен қалалық ІІБ-ның бастығы Әділхан Уәлиевтің мәлімдемесіне сүйенген Altaynews. kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қаланың көшелері мен аулаларындағы қоғамдық тәртіптің сақталуы тікелей учаскелік полицейлердің жұмысына байланысты. Сондықтан осындай тексеру жүргізу арқылы инспекторлар жұмысының сапасы анықталып, қала тұрғындарының оны жақсарту жолындағы ұсыныс-пікірлері ескерілмек.

Ақпан айынан бастап, барлық 14 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің негізінде осындай тексерулер ұйымдастырылмақ.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив