KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Күршімде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

20.01.2013, 18:00 153


Күршім ауданының орталығында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.Бұрын қаңырап, бос тұрған 5 қабатты жатақхананы 64 пәтерлі тұрғын үй етіп қайта жөндеу жұмыстарын Ержан Сқақов басқаратын «Өскемен-құрылыс» компаниясы айналасы жеті айдың ішінде тындырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұған облыс қазынасынан 209 миллион теңге қарастырылса, аудан бюджетінен 44 миллион теңге бөлінген.

Пәтер кілттерін ауданға арнайы келген аймақ басшысының қолынан алған қуаныш иелері мұндай жағдай Күршімде соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде тұңғыш болып тұрғанын қайта-қайта айтып, ризашылықтарын білдіруде.

– Тұрғындардар жаңа айтып жатыр, Күршімде соңғы жиырма жылда бірде-бір көпқабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілмепті. Бұл да біздің елдің экономикасының жыл сайын дамып, жақсарып келе жатқанын, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға барлық мүмкіндікті жасап жатқанын көрсетеді. Осыдан үш жыл бұрын аудан әкіміне "Күршімнің келбеті аудан орталығына лайықты емес" деп айтқан едім.Енді бүгін сол кемшіліктер түзеліп, ауданның ажары күн сайын құлпырып келеді, – деген облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы әрі жылдам атқарған «Өскемен-құрылыс» ЖШС басшылығына алғыс айтты.

Бұл үйден аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, жас мамандар, дәрігерлер мен ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер жалдамалы тұрғын үй тәртібі бойынша пәтер алады.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив