KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Зырянда жаңа көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

13.07.2017, 11:49 98

Зырян қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі тұрғын үй салынуда.

Құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында басталған үйдің құны 460 миллион теңгені құрап отыр.

«Нарын-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан үй 2018 жылы пайдалануға берілмек. Жаңа көпқабатты үйде 40 екі бөлмелі және 20 үш бөлмелі пәтер болады деп жоспарланған.

Айта кетейік, ағымдағы жылы моноқалада салынып жатқан үйдің құрылыс жұмыстарына 411 миллион теңге бөлініп, бүгінге дейін оның 120,6 миллионы игеріліп қойған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив