KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Шарждар шеруі» көрмесі ашылды

10.01.2013, 18:00 124


Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында белгілі сатирик-суретші Еркін Нұразханның шығармашылық көрмесі ашылды. «Шарждар шеруі» атты экспозицияда суретшінің отыз жылдан бергі еңбегінің жемісі жинақталған.

Көрмеге қойылған 300-ге тарта әзіл-қалжыңды шарж-портреттері көңілді жадыратып, еріксіз езу тартқызады. Өнертанушылардың айтуынша, карикатура шеберінің қолынан тек көркемдік деңгейі жоғары туындылар шығады.

Карикатура – бейнелеу өнеріндегі ерекше жанр. Өзінің шығармаларында Еркін Нұразхан адамның бет-келбетінің ұқсастықтарын сақтай отырып, мінез-құлықтары мен ішкі дүниесінің ерекшеліктерін әсірелеп көрсете біледі. Шарж шеберінің жұмыстары әрқашан көрерменін қуантып, күлкі шақырады. Өйткені, ол әзіл- қалжыңға құрылған.

- Алғашында өзіміздің әдебиет, өнердегі әріптестерімізді салып, жұрттың көзін үйретіп, содан кейін тәуелсіздік алғаннан кейін барып мына саясаткерлерімізге шарждар сала бастадық. Өйткені саясаткерлер халықтың жұмысымен жүретін адамдар. Олар да елдің ішінен шыққан адамдар, оларға әзіл айтпау, шарж салмау мүмкін емес деген ұғым тумау керек,--дейді ҚР Мәдениет қайраткері, карикатурашы-суретшінің өзі. .

Еркін Нұразхан еңбектерінде көбіне белгілі тұлғалар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен спортшылар бейнеленген. Суретшінің мақсаты – оларды сынау емес, ішкі дүниесін көрсету.

http://khabar.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив