KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1 м/с, С
474.26 514.48 5.43

Өскемендегі өнер мұражайында Аштеманың жеке көрмесі өтті

7.11.2012, 18:00 154


Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Николай Петрович Аштеманың мерейтойлық жеке көрмесі ашылды. Аталмыш көрмеге суретшінің 70 жылдығы мерейтойы мен 30 жылдық шығармашылық қызметіне арналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Осы жоба аясында қазақ халқының ежелгі тарихына арналған суреттер, портреттер, натюрморттар, әсем көріністер ұсынылды. Суретші өзінің офорттық сирек техникасын, мұқият орындалған графикалық кәсіби мәдениетін, ойының тереңдігін, жылулық пен жеңіл сезімге толы көріністерін тарту етті.
Бүгінгі таңда суретші Аштема КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, заманауи қарқында жаңа туындыларын дүниеге әкелген, кемелінен жеткен хас шебер ретінде танылған.
«Адамның тек әрбір жас шамасына ғана өзінің сүйікті бояуларын қаламайды, сондай-ақ, әрбір ел, әрбір ғасыр барлық адамзат тілейді,- дейді Шығыс Қазақстан аймақтық унимверситетінің оқытушысы Николай Аштема.- Егер оның кескіндемешісі болғыңыз келсе, адамдардың келбеті мен өз ғасырыңыздың бояуын оқып үйреніңіз».

Мәлімет көзі:
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив