KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 2 м/с, В
474.26 514.48 5.43

Семейде суретші Александр Борзуновтың көрмесі ашылды

8.03.2012, 18:00 162


Семейдегі Достоевский мұражайында жергілікті суретші Александр Борзуновтың «Жыл мезгілдері» деп аталатын көрмесі ашылды. Көрме көктем мерекелеріне арналып отыр, оған қылқалам шеберінің 20-дан астам туындылары қойылған.

Жылдың 4 мезгілінің әрқайсысында өзіндік ерекшелік, қайталанбас әдемі көріністер бар, тек оны көзбен көріп, жүрекпен сезе білу керек, - дейді Александр Борзунов. 30 жылдан бері сурет салумен шұғылданып келе жатқан өнер иесі қазір жергілікті оқу орындарының бірінде сабақ береді. Оның туындыларында туған жерге деген ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілікті байқауға болады. Ерке Ертіс, қарағайлы орман көріністері соған дәлел.

Алғашқы еріген қар, қараторғай әні, қайыңдар үндестігі... Мұндағы картиналардың барлығы қысқа мерзімде дүниеге келген туындылар. Өйткені, майлы бояу сияқты асықпай ойлануға уақыт жоқ, акварельдің ерекшелігі сурет салуды қағазды құрғатпай, 2-3 сағатта аяқтау керек, - дейді автор.

Суретші «бұл еңбектерімді халықаралық әйелдер күні мен өзіміздің жаңа жылымыз Наурыз мейрамына тарту етемін. Ал барша қазақстандықтарды осынау тамаша күндермен құттықтай отыра, әр отбасына зор денсаулық, толағай табыстар мен қуаныштар тілеймін», - дейді.

Мәлiметтiң көзi: «Хабар» Агенттігі




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив