KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
474.57 513.63 5.53

Жас отбасыларға арнап жалгерлік тұрғын үй сатыла бастайды

9.01.2013, 18:00 129



- 2013 жылдан бастап «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жаңа бағыты - жас отбасыларға арнап жалгерлік тұрғын үй сатып алуды бастайды. ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы кеше банк басқармасының төрайымы Нұрбибі Наурызбаева «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының ашылуына арналған баспасөз конференциясында мәлім еткен.

«2013 жылғы басты мақсатымыз - «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жаңа бағыты - жалгерлік тұрғын үй бағытын жүзеге асыру. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бағдарламаның жас отбасыларға арналған жаңа бағдарламасы іске асырыла бастайды, яғни жас отбасылар үшін және азаматтардың несиені төлей алмайтын санаттары үшін жалгерлік тұрғын үйлер сатылып алына бастайды», - деді Н.Наурызбаева.

Ол банк бүгінгі күні жаңа бағытты жүзеге асыруға толығымен дайын, енді жергілікті атқару органдарымен бірлесіп өзара әрекеттестіктің түбегейлі тетіктерін ойластыруда екенін айтты. Себебі қатысушылар тізімі жергілікті атқару органдары арқылы қалыптастырылатын болады.

Мәлімет көзі http://inform.kz/




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив