KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы арқылы баспаналы болуға мүмкіндік мол

14.10.2012, 18:00 120


Қолжетімді тұрғын үй-2020«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын ел-жұртқа түсіндіру бағытында біршама жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұрлан Күзембаев пен Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі бөлімі есеп және бөлу секторының меңгерушісі Лаура Қайрақбаева журналистермен кездесіп, бағдарламаның екі бағыты жайында айтып берді. Осы екі бағытты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүзеге асырып отыр.

Бірінші бағыт бойынша салынған баспананы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің салымшылары банктен алған заемдар есебінен сатып алады. Салымшының төлеу қабілеті жеткіліксіз болса, онда тұрғызылған баспана сегіз жылға дейін жалға беріледі. Осы мерзім аралығында баспананы меншікке сатып алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинайтын болады. Бір шаршы метр үшін жалдық ақы 100 теңгеден аспайды.

Аталған бағыт бойынша жалға берілетін баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі келесі жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.

Екінші бағыт бойынша жас отбасыларына салынған үйлер (екеуінің жасы 29-дан аспауы шарт) жалға беріледі. Сегіз жылға жалға берілген баспанада тұрып жатқан жас отбасы осы уақыт ішінде тұрғын үй заемдарына қол жеткізу мақсатында тұрғын үй құрылыс жинақтарын салып отырады.

Жалға берілген баспанаға қоныстану үшін жалға алушы өзінің тұрғын үй құрылыс жинақтау есепшотына алты айлық салым көлемінде кепілдендірілген салым салуы тиіс. Егер белгіленген тәртіп бойынша жинақтау шотына салымдар салынбайтын болса, онда баспананы жалға алған жеке тұлға үйді босатуы тиіс, себебі, жинақ шотында салымдар уақтылы жинақталмағандықтан, үйді сатып алатын тұрғын үй заемын алу мүмкіндігі болмайды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін 3 млн. шаршы метр баспана тапсыру жоспарлануда, екінші бағыт бойынша 1,5 млн. шаршы метр белгіленген.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсеті-леді. Сондай-ақ салымшының жинақтаулары жыл сайын мемлекеттік сыйақыға ие болады. Оның мөлшерлемесі жинақтаулардың 20 пайызын құрайды. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заемшыларына салық заңнамасына сәйкес берілетін салықтық жеңілдік – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің заемдарын пайдалан-ғаны үшін есептелетін сыйақы тұлғалардың салық табысынан алынбайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив