Алматы облысында 23-желтоқсанда екі рет жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Алғашқысы таңертең Алматы қаласынан 451 шақырым жерде тіркелген. Екінші рет Астана уақыты бойынша 15 сағат 48 минутта болған жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстікке қарай 156 шақырым жерде 1 шақырым тереңдікте тіркелді, дейді мамандар.
Мәлімет көзі: Altaynews.kz.