KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Ертең Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасының жобаларын ұсыну бойынша жалпыұлттық телекөпір өтеді

23.12.2012, 18:00 125


Ертең Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасының жобаларын ұсыну бойынша жалпыұлттық телекөпір өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев таратқан хабарламаға сілтеме жасап.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың алдын ала қорытындыларын шығаратыны, сондай-ақ алдағы уақытқа жаңа міндеттерді белгілейтіні жоспарлануда», - деп атап өтті А.Әбибуллаев.

Жалпыұлттық телекөпірдің аясында сондай-ақ, «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» атты жыл сайынғы байқауларының лауреаттарын марапаттау рәсімі жоспарланып отыр. Байқаулардың жоғары жүлделері - «Парыз» гран-приін және екі «Алтын сапа» арнайы сыйақысын Президенттің өзі тапсырады.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив