KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 5 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 12 адамға көмекке танкистер келді

20.12.2012, 18:00 159


Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 12 адамға көмекке танкистер келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз-қызметі.

«Танк бөлімшесінің басшылығына Аягөз ауданының әкімдігінен көмек сұрап хабарласқан. Олар Үшбиік бекетінің фермерлері адасып кеткен малдарын іздеп, иен далаға шығып кеткендерін айтқан», - делінген мәліметте.


Таңертең «КамАЗ» бен екі тягачқа мінген, подполковник Алмас Маделиев бастаған әскерилер оқиға орнына аттанады. Бөлімшеден Үшбиік бекетіне дейін 60 шақырым жерді сүзіп өткен көмекшілер фермерлерді иен далада іздеу керектігін түсінеді. Тек түстен кейін ғана олар «Land kruiser» джипі, екі «УАЗик», «Жигули» және «Нива» көліктерінде қатып қалған адамдарды табады.
Әскерилер тоңған адамдарды жылытып, тамақтандырып, олардың көліктерін шаруа қожалықтарына дейін жеткізіп берген.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив