KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Екібастұздың ГРЭС-1 станциясына электр сүзгісі орнатылды

20.12.2012, 18:00 220


Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында №4 энергоблокқа құны 2 млрд. теңге тұратын электр сүзгісін монтаждау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Орнатылған электр сүзгісі энергоблоктағы күлдің 99,6 пайызын аулауға мүмкіндік береді. Осындай электр сүзгілері 2010 және 2011 жылдары №5 және №6 энергоблоктарда орнатылған болатын. Екібастұз ГРЭС-1 станциясында электр сүзгілерін орнату жөніндегі бағдарлама келесі жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Сөйтіп, электр сүзгілері жұмыс істеп тұрған барлық энергоблоктарда орнатылмақ. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 12,5 миллиард теңге бөлінген. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшері едәуір кемиді" делінген «Қазақмыс» корпорациясы таратқан мәліметте.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив