KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жолдар жабылды

18.12.2012, 18:00 91


Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық күре жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

«Қазавтожолдың» хабарлауынша, 40 градустан төмен аязға байланысты Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында күре жол кеше кешке жабылған. Ал, «Қазгидромет» апта соңына қарай күн жылынады, деп болжап отыр. Алайда, Астанада күннің жылынуы әлі байқалмайды. Дәл осы уақытта сынап бағанасы 32 градус суықты көрсетіп тұр. Елордадағы аязға байланысты бірқатар қоғамдық көліктердің бағдары өзгерді. Адамдар көп жүретін бағыттарда жолаушылар тасымалын тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында жолаушылары аз № 26, 13, 35, 16 және 47 автобус бағдарларының жұмысы уақытша тоқтатылды. Ал, Астана маңындағы Қосшы мен Жібек жолы ауылдарына құны 100 теңгелік қосымша автобустар жіберілді

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив