KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Ауа температурасы күрт төмендейді

9.12.2012, 18:00 79


Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 11-14 желтоқсан аралығында облыс аумағында ауа температурасы күрт төмендейді. Күн райы -25-30, кейбір жерлерде -40 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Осыған орай Өскемен қалалақ әкімшілігі жеке пәтерлер иелері кооперативтері мен кондоминиумдарға тұрғын үйлердің кіре берістері мен есік-терезелерінің, жалпы ғимараттардың бүтіндігіне ерекше назар аударуды жүктеді.

Бұл жұмыстар жылу беру маусымының алдында ойдағыдай атқарылғанымен, тағы бір рет тексеріп қою артық емес дейді қала басшылары.

Сабақ болмайтыны туралы хабарлайтын теле-радио арналар мен хабарлау уақытын ата-аналар мен оқушылардың есіне тағы сала кеткенді жөн көрдік: «Евразия», «Қазақстан», «Қазақстан-Өскемен», «Калкен-ТВ», «НТК», «31 канал-Өскемен» телеарналары мен «Қазақстан» (104 Мгц) және «Микс» радиотолқындары. Хабарлау уақыты: 6.30, 7.00, 7.20, II.05, II.20.

Қазір әкімдікте қоғамдық көліктердің тоқтаусыз жүруі мен шұғыл әрекет ету қызметтерінің жұмысы талқылануда.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив