KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Тапсырмаларды дер кезінде орындау міндеттелді

29.11.2012, 18:00 168


Облыс Әкімі аппаратының басшысы Ержан Жылқыбаев облыстағы мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігіне баға беру бойынша аппарат кеңесін өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған облыстық басқарма басшылары мен бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиында сондай-ақ биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тапсырмаларды дер кезінде орындауы және тәртібі бойынша мәселелер де қарастырылды.

– Мемлекеттік қызметшілердің орындаушылық тәртібіндегі оң динамикаға қарамастан, жекелеген аудандар мен басқармаларда әлі күнге дейін олқылықтар жойылмай келеді, – деп атап өтті Ержан Жылқыбаев.

Үкіметтің және облыс Әкімінің тапсырмаларын орындау, бюджет қаржысын игеру және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірқатар кемшіліктер аппарат басшысы тарапынан сынға алынды.

–Жыл соңына, яғни, қорытынды шығаруға дейін бір айдай уақыт қалды. Осы мерзім ішінде барлық аты аталған басқармалар, қалалар мен аудандар өз көрсеткіштерін көтере түсуге күш салулары қажет, – деп қорытындылады жиынды облыс Әкімі аппаратының басшысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив