KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
441.66 475.14 4.86

Ми-8 тікұшағы экипажының барлық мүшелерінің денелері табылды

29.11.2012, 18:00 119


Алматы облысында Ми-8 тікұшағы құлаған ауданда экипаждың барлық мүшелері мен жолаушылардың денелері табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеген.

«18 сағат 30 минутта оқиға орын алған жерде мерт болған 6 адамның денесі, кейін тағы екі адам табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін 16 сағат 03 минутте тікұшақтың бөліктері алдын-ала мәлімет бойынша Алакөл ауданында табылды.

17 сағат 15 минутта Алматы облысы ТЖД-нің жедел тобы оқиға орнына келіп, ақпарат расталды.

Тікұшақ құлаған жерге әуе саласының мамандары мен тергеу-жедел тобы ұшып шығады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив