KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өртенген үйден жанып кеткен адамның мәйіті табылды

7.10.2013, 18:00 168


Семей қаласындағы «Восточный - правый» саяжай массивінде өртенген үйден жанып кеткен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық орталық өрт сөндіру қызметіне саяжай үйінің отқа оранғаны жайлы дабыл түнгі 4 сағат 26 минутта келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың ағаш құрандылары, барлығы 50 шаршы метр аумақтың тілсіз жаудың құшағында қалғанын тіркеді. Тексеру кезінде жанып кеткен адамның мүрдесі табылды.

Алдын ала болжам бойынша әйел адам болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта мерт болған адамның кім екені және өрттің шығу себептері анықталуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив