KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қазақстан мен Татарстан кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті

24.11.2012, 18:00 110


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов қабылдап, екіжақты келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО өңірінің Татарстандағы күндері аясында екі жақтың кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форум болып өтті. Қазақстан мен Татарстан экономикалық және инвестициялық әлеуетті ұтымды пайдаланудың сан-қилы әдістерін талқыға салды.

- Екі жақты экономикалық серіктестіктің берері көп, оның үстіне Кенді Алтайда шығарылатын түсті металдар бізге қажет болса, сіздер әлемдік стандарттар талабына сай заттарды ала аласыздар,-деді Татарстан Президенті.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев Татарстан басшысына алғысын айтып, алдағы уақытта байланысты нығайта беретіндеріне сендірді. Қазір екі елдің арасындағы тауар айналымы 900 миллион АҚШ долларынан асқан.

Қонақтар Қазан федералдық университетінде, Халықтар достығы үйінде, ксәіпорындар мен мекемелерде кездесулер өткізді. Кешкісін Ғабдолла Тоқай атындағы филармонияда Шығыстан барған өнерпаздар қызықты концерт қойды.

Мәлімет көзі:"Егемен Қазақстан"
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив