KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскемендегі әскери өнерпаздар ел аралап қайтты

11.11.2012, 18:00 155


«Ішкі әскер нағыз ерлер үшін» акциясы аясында Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінің бір топ өнерпаз әскери қызметшілері шалғайда орналасқан Тарбағатай және Зайсан аудандарын аралап қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Осы аудандардың киелі топырағынан нәр алған ер азаматтар ішкі әскердің қатарында әскери міндеттерін атқарып, Отан үшін қажымай тер төгіп келеді. Атап айтсақ, ішкі әскер қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, генерал-майор Ғабдулхақ Шөкішев, зейнеттегі полковник Айдар Темірболатов, полковник Асхат Омаров және олардың ізін басқан зайсандық пен тарбағатайлық офицерлер еліміздің түкпір-түкпірінде ішкі әскердің әскери бөлімдерінде қызмет етіп жүр.

Ішкі әскердің өнерпаз тобы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылы мен Зайсан қаласына алғаш рет келді. Жергілікті тұрғындардың алдында әскери оркестр мен келісімшарт әскери қызметшілерінен жасақталған «ВВ Восток» ансамблі өнер көрсетті.
–Қазақстанның болашағы-ауыл. Қоғамдық-саяси өмірде білек сыбана еңбек етіп жүрген азаматтардың көпшілігі ауылдан түлеп ұшқан. Сондықтан, ішкі әскер туралы мағлұматты ауыл арасына кеңірек таратуды көздеп отырмыз,-деп жиналған қауым алдында ақпараттық-насихат тобын бастап келген майор Сайлаухан Сарғасқаев бүгінгі таңда атқарып жатқан қызметтері туралы айтып берді.
Халық алдында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар Мақсат Күлшіков пен Дастан Омаров, келісімшарт аға сержанты Аян Кәкежанов, аға лейтенант Раушан Дәрібаевалар құйқылжыта ән салса, келісімшарт сержанты Нелля Сагидулдинова мың бұрала биледі.

Ақжар ауылдық округінің әкімі Асқар Боғырбаев, Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнолдин мен оның орынбасары Долдан Тожыбаев ақпараттық топқа алғыстарын білдіріп, алғыс грамоталарын тапсырды.
-Жастардың ішкі әскер туралы ұғымы кеңейе түсті. Алдағы уақытта ішкі әскердің әскери институтында оқып білім алғысы келетін жастардың қатары көбейетініне сенімдімін,-деп Зайсан аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Жанат Толыбаев. өнерпаздарға алғысын білдірді.

Акцияның көздеген мақсаты толығымен орындалды. Дегенмен, желтоқсан айының ортасына дейін ішкі әскер өнерпаздарының ақпараттық-насихат топтары шалғайдағы ауылдарға баруларын жалғастыра беретін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив