KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Абайсызда кісі өлтірген Катонқарағай ауданының азаматы 15 жылға сотталуы мүмкін

7.11.2012, 18:00 105


Катонқарағай ауданының 39 жасар Б. деген азаматы абайсызда кісі өлтіріп, 15 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып Аltaynews.kz тілшісі.
Оқиға былай болған: Бауыржан түн ішінде УАЗ маркалы автокөлігінің жанар майы таусылып, Үшбұлақ пен Ақсу ауылдарының 48 км. аралығында қалып қойған. Ол көлікте ұйықтап, таң ата ары-бері өткен жүргізушілерден жанар майы алып, ауылға жетіп алуды ойлайды.
Түн ортасы ауа оның кабинасының терезесін ер азамат қаққан. Бейтаныс адамды тонаушы деп ойлаған ол қолындағы 16 калибрлі қосауыз мылтығымен атып салған. Бейтаныс сұлап түскен кезде қасындағы жолдасы мотоциклмен Ақсу ауылына қаша жөнелген.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 1993 жылы туған Роман Борсуковтың ауыр жарақат алғанын көрген. Ауруханаға барар жолда Роман есін жимастан қаза болды. Күдікті деген Бауыржан көлікте отырған және мылтықты қорғану мақсатында пайдаланғанын айтқан. Өзі мас күйінде болды. Мылтығы тіркеуден өткен екен.
Қаза болған Романның досының айтуынша, олар мотоциклмен үйге қайтып келе жатқан. Жолда тұрған УАЗ автокөлігін көріп, көмек керек болып қалар деп тоқтаған. Жүргізуші жақтағы терезеге барған Роман ұйықтап жатқан жүргізушіні көргенімен, түн қараңғылығынан мылтықтың ұңғысын байқамаған. (Бұл уақытта Бауыржан шүріппені басып үлгерген).
Қазір қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір нәрсе анық, қаза болған мен күдікті бұрын таныс болмаған.

Мәлімет көзі: Лариса ПОЛОМОШНОВА, полиция капитаны

Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив