KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Көкпектіде қарақшылардың қолынан екі адам қаза тапты

11.09.2017, 08:08 78

Бүгін, яғни қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні Көкпекті ауданының орталығында екі адамның өлімімен аяқталған қанды оқиға болды.


Ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы бірнеше жыл бұрын Қытай Халық Республикасынан көшіп келген болатын. Ауылда дүкен ашып, шаруаларын дөңгелетіп отырған кәсіпкердің үйіне түнгі 1-лер шамасында бірнеше адамнан тұратын қарулы топ баса көктеп кірген.


-Түн ортасында ойда жоқ жерден келген қарақшылар, алдымен үй иесіне оқ атқан, ол оқиға орнында қаза тапты. Отбасы мүшелерінің тағы біреуі ауыр жараланып, ауруханада көз жұмды. Қылмыскерлер үйдегі адамдарды байлап-матап, 1 млн теңгеден астам ақшаны алып кеткен,-деп хабарлайды ШҚО ІІД қызметкерлері.


Бейресми мәлімет көздеріне сүйенетін болсақ, қаза болған үй иесі Фәтіхан деген кісі екен. Екінші атылған оқтан ауыр жараланып, ауруханада көз жұмған азамат, оның ұлы – Мұратхан Фәтіханұлы. Қылмыскерлер үйдегі адамдарды байлап ақшаны алып кетіп қана қоймай, ас бөлмесіндегі газ баллонын ашып кеткен деген де мәлімет бар.


-Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ретінде Көкпекті ауданының 3 азаматы қолға түсті. Олар қазір уақытша тергеу изоляторында отыр, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр,-дейді ШҚО ІІД қызметкерлері.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив