Ұлан ауданы, Огневка кентіндегі C.Сейфуллин атындағы орта мектепте тілдер фестивалі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Шара жоспары оқушылардың жас шамаларын, тілге деген қызығушылықтары мен дайындық көрсеткіштерін ескере отырып жасалды. Фестиваль бағдарламасы әртүрлі болды. Орыс тілі мұғалімдері Е.Байсеитова, Р.Бердыгужинова қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты шығармалар сайысын, 8-сынып оқушыларының жас филологтары арасында көңілділер мен тапқырлар клубының ойынын, 11-сынып оқушыларымен орыс тілі және әдебиетінен «Сильное звено» ойынын ұйымдастырды. Ал қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Қабылов 6-8 сыныптар арасында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» атты викторина, ағылшын тілі мұғалімі М.Гапонова «Everything Under the Sun» атты зияткерлік марафон өткізді.
Кеш барысында оқушылардың тілдерге деген қызығушылықтарының жоғары екендігі, қазақ тіліне деген құрметтің артып келе жатқаны айқын көрінді. Сайыстың үздік қатысушылары мен жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.