KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Үржар ауданы ауылдарының арасы жақындай түсті

10.09.2012, 18:00 192


Бүгінде Үржар ауданындағы 187 шақырымдық Бақты-Таскескен автодәлізінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Нәтижелі жұмыстардың арқасында ауылдардың арасы жақындай түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айталық, 2010-2011 жылы Мақаншы-Көктал, Қарабұта-Ақшоқы, Қаратұма-Келдімұрат және Қарабұта ауылына кіреберіс жолдарын жөнге келтіріп, Қарамойыл, Амангелді және Тасбұлақ ауылдарына баратын жолдар жөндеуден өтті.

«Жол картасы» бағдарламасы бо-йынша өткен жылы жергілікті маңызы бар Үржар – Бестерек – Қазымбет автомобиль жолына 93 млн. 890 мың
теңге, Жоғарғы Егінсу ауылына кіреберіс автомобиль жолына 31 млн. 442 мың теңге, Алтыншоқы ауылына кіреберіс автомобиль жолына және көшені жарықтандыруға 10 млн. 963 мың теңге, Жаңа тілек ауылына кіреберіс автомобиль жолына, сондай-ақ көшені жарықтандыруға 19 млн. 772 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Мұның сыртында аудандағы көктемгі су тасқынынан қираған 14 көпір қайтадан қалпына келтірілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив