KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Жылжымайтын мүлік мәселелері талқыланды

30.08.2012, 18:00 148


Кеше облыс әкімдігінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласы аймағындағы жылжымайтын мүліктердің мекенжайларын тіркеу мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтті.

Кеңесте ел аумағында жылжымайтын мүліктің мекен-жайын тіркеу ережелері, сонымен қатар елдегі әкімшілік аймақтың құрылымдары мәселелері және облыстық сәулет және құрылыс басқармасының «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» жұмыстары бойынша жүргізген зерттеулер қорытындылары талқыланды.

Басқосуға Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттік өкілдері, Статистика агенттігінің әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің «Ұлттық ақпараттық технология» мамандары қатысты.

Семинарды ашқан облыс Әкімінің орынбасары Айтқазы Шерубаев ел аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарына мекенжай беру қағидаларына тоқталып өтті.

Жүктелген міндетті іске асыру жұмыстары бойынша өз ойын ортаға салған ұлттық ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жұлдыз Жексенбай жылжымайтын мүліктерге мекенжай беруді ақпараттық технологиялар көмегімен оңтайландыру мәселелері туралы көптеген мәліметтер берді. Сонымен қатар Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттік өкілі Мейрамбек Рахимов, Ерболат Мұсабек, облыстық сәулет және құрылыс басқармасының бастығы Аманбай Нұркенов баяндамаларында өз салаларында атқарылып жатқан шаруаларға байланысты ойларын ортаға салды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив