KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

 «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар жинау керек?

26.06.2017, 05:01 458

 «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар жинау керек? Көтерме жәрдемақыға қалай қол жеткізуге болады? Аталмыш бағдарламаның жемісін қаншалықты көріп отырмыз? Біз осы және өзге сауалдар төңірегінде жауап іздеп көрген едік.


Бүгінде аудан орталығынан шалғайда жатқан елді мекендердің бойына қан жүгірту мақсатында қолға алынған «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасып жатқан жастар көп. Солардың бірі – Глубокое ауданындағы білім ошақтарының бірінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Жұлдыз Әлімбекова. Жақында аталмыш бағдарлама бойынша баспаналы болған жас маман қуанышында шек жоқ екенін жеткізді.


– С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың түлегімін. Қолыма диплом алған кезде өзімнің қатарластарым сияқты менің де қалада жұмыс істеуге қалғым келген. Алайда, отбасылық жағдайыма байланысты еңбек жолымды ауылдан бастауыма тура келді. Бірақ бұған еш өкінбеймін. Биыл маған аудан әкімдігі тарапынан тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіліп, 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік несие берілді. Соның арқасында баспаналы болдым, - дей келе Жұлдыз «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына қатысу үшін аудан әкімінің атына өтініш жазу керектігін атап өтті.


 


Жас маманға қандай көмек көрсетіледі?


«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде толық ақпарат алу үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен жастар орталығына хабарласып көрген едік. Аталмыш мекемелердің қызметкерлері берген мәліметтерге сәйкес төмендегі кеңестерді ұсынамыз:


– жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. Нәтижесінде жоба бойынша әрбір қатысушы 140 мың теңгеден жоғары жәрдемақы алады;

– тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау арқылы 1500 еселік айлық есептік көрсеткіш көлемінде 15 жыл мерзімге 0,01 пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.


Қолдау тапқаннан кейінгі міндет:


Әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күнi iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруі тиіс;

2. Меншiгiне сатып алынған немесе салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы келiсiмдi кемiнде бес жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге міндеттеледі;

3. Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi;

Егер де жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шаралары жоба қатысушысына берілсе, міндетті түрде ауылдық елді мекенде бес жыл жұмыс істеуі қажет. Сатып алынған тұрғын үй сол кезеңде банкте кепілде тұрады.

Әкімдікке тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынып отыруы керек.


 


Біле жүріңіз!


– Әкiмшi тиісті құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде оларды комиссияға жiбередi;

– Комиссия әкiмшiден құжаттардың келiп түскен күнiнен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылған құжаттарды қарастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiне маманға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге ұсыныс жасайды;

– Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi комиссияның ұсыныстары келiп түскен сәттен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды;


– Қаулы қабылданғаннан кейiн жетi күнтiзбелiк күннiң iшiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келiсiм жасалады;

– Әкiмшi жетi күнтiзбелiк күннiң iшiнде көтерме жәрдемақысының сомасын мамандардың жеке есепшоттарына аударады немесе отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алуға болмаса салуға несие ұсынылуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив