KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Күршімде жас мамандарға 36 миллионнан астам теңге несие берілмек

15.03.2018, 10:52 152

Соңғы жылдары жастардың басым бөлігі неғұрлым қалалық жерлерде қоныстанып, қолдарына тиген дипломды ауыл-аймақтарынан алыс жерлерде кәдеге жаратқысы келетіні жасырын емес. Осы үрдістің салдарынан облыс орталықтарынан шалғайдағы аудандар мен елді мекендерде кадр жетіспеушілігі туындап, атқарылатын шаруа көп болғанымен, соны істеуге бел шеше кірісетін мамандар тапшылығы белең ала бастаған болатын.


-Күршім ауданында 2018 жылы тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен несие төлеуге 36075,0 мың теңге, көтерме жәрдемақы төлеуге10968,0 мың теңге қаражат бөлініп отыр. 2017 жылы тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 41962,0 мың теңге бөлініп,14 маманға бюджеттік несие берілді және көтерме жәрдемақыға 4129,6 мың теңге бөлініп, 26 маманға берілді,-дейді Күршім аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнара Мұқанова. - Сондай-ақ, Күршім ауданы бойынша 2009 жылдан бастап «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алу үшін несие беріледі және көтерме жәрдемақы төленетіндігі белгілі.


Бөлім басшысы «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге келген мамандарға берілетін әлеуметтік қолдау шаралары қандай, мемлекет қолдауы кімдерге тиесілі екендігі туралы айтып берді:


-ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес тұрғын үй салуға және сатып алуға талапқа сай құжаттар ұсыну қажет. Олар: жеке басын куәландыратын құжаттың, жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының, бiлiмi туралы дипломының көшірмелері, сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі, көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер, тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамасын өткізу керек.

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша келген маман отбасылы болса, онда неке туралы куәлік көшірмесімен қатар аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама қоса өткізіледі екен. Ал жаңа үй саламын деген маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт, кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі, кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты, берілетін несие мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім берілуі керек.


Көтерме жәрдемақы алуға байланысты құжаттар тізбесі келесі: жеке басын куәландыратын құжаттың, жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының, бiлiмi туралы дипломының көшірмесі сонымен қатар, көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер, тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив