KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Үржар ауданында егістік кеңейіп, мал сатып алынды

18.07.2012, 18:00 142


Үржар ауданында үстіміздегі жылы 151,2 мың гектар жерге дәнді дақылдар себіліп, өткен жылмен салыстырғанда егістік көлемі 9,5 пайызға артып отыр. Топырақтың құнарлылығын арттырып және оны эрозиядан сақтау мақсатында нөлдік технологияны пайдаланып жерді өңдеуге айрықша көңіл бөлініп, назар аударылуда. Осына пайдалану арқылы биыл 180 гектар жер өңделіп, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда, 2080 гектарға өсті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Биыл 22,5 мың гектар суармалы алқапты игеру жоспарланған, соның ішінде «Бәтуа» серіктестігінде 2000 гектар жерді «Vellеy» жаңбырлатқыш қондырғылар арқылы, 300 гектар жерді тамшылатып суару және 1700 гектар жерді арық арқылы суару тәсілімен игеруде.

Сонымен қатар мал шаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 4 млрд. 319 млн. 300 мың теңгенің өнімдері өндірілді.
Мал шаруашылығы өнімдерін көбейту, сондай-ақ, мал басын молайту негізінде өңірден тыс жерлерден 1478 бас ірі қара, 4455 бас ұсақ малдарды сатып әкелу үшін тиісті келісім-шарттар шаруа қожалықтары арасында жасалды. Осы кезге дейін 435 ірі қара малдары сатып алынды.

Одан басқа «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 5 шаруа қожалықтары 550 бас ірі қара малын сатып алуға және «КазАграҚаржы» АҚ арқылы шет мемлекеттен ауданның үш ірі шаруа қожа-лығы 1110 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу үшін тиісті келісім – шарттар жасады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив