KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Көктемгі егіс жұмыстарына дайын

9.04.2012, 18:00 136



Биылғы жылы Аягөз ауданы бойынша жалпы егістік көлемін 17200 гектарға жеткізу жоспарланып отыр, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 1417 гектарға артық.

Көктемгі егін егу науқанына ауданның 7 ауылдық окугтері қатысады, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы О.Кеңшіліков.- Көктемгі жер жырту көлемі 11344 гектар. 10005 гектарға дәнді дақылдар, 1850 гектарға майлы дақылдар себіліп, 1000 гектарға картоп және 600 гектарға көкөніс, 6 гектар бақша, 480 гектар көпжылдық шөп, 100 гектар біржылдық шөп егілмек. Биылғы егістікке 1425 тонна тұқым қажет. Бүгінде қолда бары 1695 тонна.Тексеруден өткен 1363 тонна тұқым егу сапасы бойынша 100% кондициялы.

Астық дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында шаруа құрылымдарымен тұқым қорын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. «Бектас» шаруа қожалығы «Семена масличных культур» элиталы тұқым шаруашылығымен 50 тонна «Омская 18» элиталы бидай тұқымын сатып алуға келісім шартқа отырып, қосымша I репродукциялы 80 тонна арпа алуға келісім жасалды. Сарыарқа ауылдық округінен «Диқан», «Мерей», «Елжас», «Барс» шаруа қожалықтары 95 тонна I репродукциялы бидай тұқымын сатып алуға сұраныс беріп, Мыңбұлақ ауылдық округінен «Айдын» шаруа қожалығы арпа тұқымын жаңартуды жоспарлап отыр.

Аудандағы көктемгі және күзгі егістік жұмыстарына облыстан жеңілдетілген бағамен бөлінген 300 тонна дизель отыны шаруа қожалықтарына «Ерғали-К» операторы арқылы жеткізілемекші. Ауданды азық-түлік және көкөніспен қамтамасыз ету үшін барлық ауыл әкімдеріне картоп, көкөніс егіп, күзде алынған өнімді сақтайтын шағын қоймалар салуға аудан әкімі тарапынан тапсырма берілген. Енді ауыл әкімдері шаруа қожалығы басшыларымен бірлесе жұмыс жасай отырып, көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде бастап, сапалы аяқтағалы отыр.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив