KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1,7 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Тұқым сұрыптаудан өткізілген

19.04.2012, 18:00 153



Үржар өңірінде үстіміздегі жылы барлық егілетін егістік көлемі 135,6 мың гектар. Бұл бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда аумақты алқап. Оның ішінде, дәнді дақылдар 36,2 мың гектар, майлы дақылдар 80,0 мың гектар, картоп 2,7 мың, көкөніс 1,9 мың гектар.

Көктемгі дала жұмысына дайындалған барлық дәнді-дақылдар тұқымы 50,95 тонна, оның 4428 тоннадан астамы зертханалық тексеруден, сұрыптаудан өткен. Тексерілген тұқымның көбі үшінші класты құрайды.

Кейбір ауылдық округтер егіске дайындалған тұқымдарын зертханаға толық тексеруге әлі де өткізбей отыр. Мәселен, Салқынбел, Келдімұрат, Бестерек, Елтай, Көлденең, Қаратұма, Ново-Андреевка және Үржар ауылдық округтері.

Жердің құнарлығын арттырып, жоғары өнім алу мақсатында Көкөзек және Көлденең ауылдық округтерінен екі шаруа қожалығы 3410 тонна минералды тыңайтқыш алуға өтініш білдірген, 10 шаруа қожалығы әр түрлі 82 мың 300 литр гербицидтер алуға сұраныс түсіріп отыр.

Сонымен қатар, биыл 22,5 мың гектар суармалы жерді игеру жоспарлануда, оның ішінде 4000 гектар жер 50 дана «Фрегат» жаңбыолатқыш қондырғылары арқылы, 1000 гектар жер тамшылатып суару әдісі бойынша игеріледі.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив