KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Әжесінің көзінше өз әкесін өлтірген 22 жасар қылмыскер ұсталды

12.06.2012, 18:00 114


Әжесінің көзінше өз әкесін өлтірген 22 жасар қылмыскер Аягөзде қолға түсті.

Бұл қанды оқиға былтыр сәуір айында Глубокое ауданының Прапорщиково ауылында болған. Жедел-іздестіру шаралары барысында әкесін өлтірген қылмыскер Аягөз қаласында ұсталды. Тергеу кезінде мәлім болғандай, әкелі-балалы Прапорщиководағы апасының қолында тұрған.

Оқиға болған күні әкелі-балалы екеуі қосылып спрттік ішімдік ішіп, оның ақыры ұрыс-керіске ұласқан. Салдарынан 22 жасар жігіт өз әкесін мерт қылған.


Қылмыскер қылмысын жасыру үшін мәйітті шұңқырға лақтырған. Полицияға қылмыс туралы оның әжесі телефон шалып айтқан. Бұған дейін немересінің қорқытуымен үндемеген әжесі ол Аягөзге кеткенде ауыр қылмыстың куәсі болғандығын баяндап берген.

Бүгінде кісі өліміне қатысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған қылмыстық іс қозғалды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив