KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2,3 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Мемлекеттік рәміздерді менсінбейтін мекемелер де бар екен

31.05.2012, 18:00 222


Облыстық прокуратура органдары «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібінің бұзылу фактілері анықталды.

Прокурорлық тексеру нәтижелері кейбір мемлекеттік органдардың ғима-раттарында рәміздердің жоқ екенін, рәміздер стандартқа сай еместігін, олардың мемлекеттік органдардың сайттарында жоқтығын, түнгі уақытта оларға жарық түсірілмейтінін көрсетті.
Мысалы, Ұлан ауданы мемлекеттік мұрағатының, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекция комитеті Ұлан аудандық өңір-лік инспекциясының, Ұлан аудандық ветеринарлық бақылау комитеті өңірлік инспекциясының ғимараттарында Мем-
лекеттік ту орнатылмаған. Аталған мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты Ұлан ауданының прокуроры әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдаған.
Сондай-ақ, облыстың басқа да аудандарында осы тектес заң бұзушылықтар анықталған. Мемлекеттік рәміздер орна-
тылмаған барлығы он ғимарат анықталды.

Осымен қатар, мемлекеттік ұйымдар ғимараттарындағы рәміздердің стан-дартқа сәйкес келмеуі орын алуда. Көбінесе олардың Сауда және индустрия министрлігі техникалық реттеу комитеті-нің №154-ОД бұйрығымен бекітілген түс реңдері дұрыс сақталмайды.

Мысалы, Семей қаласының прокуратурасы тексеру барысында қалалық қаржы, білім беру, құрылыс және сәулет, автомобиль жолдары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдері бастықтарының кабинеттерін-де орнатылған Елтаңбалардың стандартқа сай еместігі анықталды. Осындай заң бұзушылық қаланың ішкі істер басқармасында да орын алған.

Прокуратура осы фактілер бойынша қала әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсыныс жолдады. Қазіргі кезде Елтаңбаларды алмастыру жұмысы жүргізілуде.

Стандартқа сәйкес емес мемлекеттік рәміздерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту мүмкін емес, себебі мұндай норма Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінде жоқ.

Тағы да көп кездесетін бұзушылық: мемлекеттік рәміздер түнгі уақытта жарықтандырылмайды.

Прокуратура жүргізген рейд кезінде облыстық құрылыс басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ғимараттарында орналасқан Ту түнде жарықтандырылмайды. Мұндай олқылықтарға басқа да мемлекеттік органдар жол береді.

Мемлекеттік органдардың ресми сайттарына мониторинг жасаған кезде көптеген бұзушылықтар анықталды, кейбір сайттарда Ту мен Елтаңба болма-ған. Облыс прокуратурасы аталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп отыр.

Облыстың прокуратура органдары аталмыш конституциялық заңның бұзушылықтарын жою туралы 49 ұсыныс енгізіп, 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив