KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
443.72 482.28 4.9

Заң бұзғандар жауапқа тартылуы тиіс

7.08.2012, 18:00 213


Бақылау іс-шараларын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік сатып алу саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2012 жылдың 1-ші жартысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бақылау бойынша 129 тексеру жүргізілді, оның ішінде 89 – жоспарлы тексеру, 40 – жоспардан тыс тексеру. Тексерудің жалпы санынан 80 тексеру бойынша жалпы сомасы 6671517 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылғандығы анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарының бұзылуына жол бергені үшін 48 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкер-шілікке, 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға жалпы сомасы 2912,4 мың теңге айыппұл салынды, олардың ішінде 17 бірінші басшыға жалпы сомасы 2588,8 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, 10 бақылау материалы құқық қорғау органдарына қарауға берілді, өткізілген конкурстар мен жасалған шарттарды жарамсыз деп тану туралы сотқа 9 талап арызы жіберілді.

Сонымен, «Аягөз аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 289478,6 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, ол мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер еткен. Мемлекеттік сатып алу саласында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК сәйкес «Аягөз аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің бірінші басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оған 161,8 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Аягөз ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 182662,7 мың теңге сомасына ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылуына жол берілген, яғни мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер еткен. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарына қайшы Аягөз ауданының бас тоған ғимараттарын, сутартқыштарын және сумен қамту жүйесінің контррезервуарларын жөндеу бойынша жұмыстар жалпы сомасы 173365 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттаманы белгіленген тәртіпте бекітпей жүзеге асырылған, шарттық міндеттемелерге қайшы орындалмаған жұмыстар көлемі үшін жалпы сомасы 248,3 мың теңгеге төлем жүргізілген. Бақылау нысаны тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды, 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ұлан ауданы әкімдігінің «Ұлан жолдары» КМК-сында 25367,2 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу рәсімі бұзылған – баға ұсыныстарына сұрау салу әдісімен 20483,6 мың теңге сомасына және 4883,6 мың теңге сомасына сатып алу мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз жүзеге асырылған. Бақылау қорытындысы бойынша 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қаржылық бақылау инспекциясы бір лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 161,8 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды. Бақылау мате-риалдары қаржы полициясына берілді.

Ұлан ауданы әкімдігінің «Коммунальник» КМК-сында мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша келесі бұзушылықтар анықталды: яғни, 4920,1 мың теңге сатып алу қоры-тындысына әсер еткен, соның ішінде 2010 жылы 238,4 мың теңге (мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізуден бас тарту), 2011 жылы 4568 мың теңге (мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізуден бас тарту), 2012 жылы 67,6 мың теңге (мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізуден бас тарту), 2010 жылы 46,1 мың теңге сомасына бір көзден сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілігі бойынша құжаттары сұралмаған.

Осыларға орай, жіберген бұзушылықтар үшін Ұлан ауданының әкімі Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығын тәртіптік жауап-кершілікке тартты, қаржылық бақылау инспекциясы КМК-ның директорын әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 161,8 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. Бақылау материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін қаржы полициясына берілді.

Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында ағымдағы жылы бақылау нысандары өкілдерінің қатысуымен инспекция өз бастамашылығы бойынша ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларын түсіндіру және дұрыс қолдану жөнінде 10 семинар-кеңес өткізді, өйткені көп жағдайда мемлекеттік сатып алу бойынша заңнаманы білмегендіктен бұзушылықтарға жол беріледі.

Осыған байланысты, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзуға жол бермеуге және жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар ретінде кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың басшыларына тек қана арнайы білімі бар адамдарды таңдай отырып, мемлекеттік сатып алуды өткізумен айналысатын мамандардың сапалы құрамын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі комиссияның құрамына міндетті түрде заңгерлерді енгізуді, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарының бұзылу фактілері бойынша әр тексерудің қорытындысын басшылықтың қатысуымен өткен өндірістік кеңесте қарауды және бақылау нысанының кінәлі лауазымды тұлғаларын міндетті түрде тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынамыз,-дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының баспасөз қызметі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив