KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1,7 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Өскеменде қолжетімді үйлер көптеп салынады

15.05.2012, 18:00 185


Өскеменде 2013 жылдың аяғына дейін мемлекеттік бюджет қаржысына 2520 пәтер пайдалануға беріледі. Оған қоса қалада тағы да көпқабатты тұрғын үйлер салуға арналған 20 жер телім бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Биыл 80 пәтерлік екі көпқабатты жалға берілетін үйдің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Оған қоса «Тұр-ғынүйқұрылысбанкі» желісі бойынша 500 пәтерлік жеті несиеге берілетін үйдің құрылысы да аяқталмақ.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 115 пәтерлік екі тұрғын үй және 150 жеке үй салынады. Ал «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы бойынша тағы да 150 пәтерлік екі үй пайдалануға беріледі.

Бұлардан басқа 2012 жылы «Тұрғынүйқұрылысбанкі» желісі бо-йынша 505 пәтерлік алты көпқабатты үйдің және жалға берілетін 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталады. Оған қоса «Қолжетімді үй» бағдарламасы аясында 960 пәтерлік он бір көпқабатты үйлер салынбақ.

Тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізумен бірге әлеуметтік нысандар желісі де дами түспек. Қала әкімдігі осы орайда екі балабақша, екі мектеп және көпсалалы аурухана, мамандарды қайта даярлау орталығы мен қан құю орталығын, спорттық жекпе-жек, жеңілатлетикалық манеж салуды да қарастырып отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив