KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

«Ғашық жүректі» сериалға айналады

13.05.2012, 18:00 347


«Ғашық жүрек» және «Ғашық жүрек - 2» фильмдерінің продюсері Баян Есентаева «Ғашық жүрек» атты сериал түсіруге кіріскенін мәлімдеді.

«Махаббат бекеті» - өте сирек түсірілетін және сәтті шыққан романтикалық фильм, осы дүниенің жалғасын түсіру ойларыңызда жоқ па?»,-деген оқырман сұрағына Баян ханым: «Жоқ, аталған фильмнің жалғасы түсірілмейді. Есесіне, «Ғашық жүрек» фильмі сериалға айналады» деп жауап берді.

Ал, оқырмандардың «Ғашық жүрек - 3» шықса, көрермендерді жалықтырып жібермей ме?» деген сауалға ол: «Ниеттес болғандарыңызға рахмет. Ал «Ғашық жүрекке» келетін болсақ, ол үшінші бөлім емес, сериал болады. Және ол өте қызық болатынына уәде беремін»,-деп қадап айтты, дейді ҚазАқпарат.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив