KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

12.05.2012, 18:00 126


Шығысқазақстандық жол сақшылары облыстық “Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Шемонаиха және Глубокое аудандық филиалдарымен бірлесіп, «Жолда қабылдау» іс-шарасын өткізді. Аталған акцияға ШҚО ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі С.Абдуллаев пен “Нұр Отан» ХДП-сының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі С.Құсайынова қатысып, жиналғандар тарапынан жолданған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында тұрғындардың көбінен көліктерін техникалық байқаудан өткізу мәселесіне қатысты сауал қойылды. Мәселен аудан орталығында арнайы орынның болмауына байланысты көлік иелері облыс орталығы Өскемен қаласына баруға мәжбүр болуда. Сонымен қатар, Глубокое ауданының орталығында бағдаршамның дұрыс жұмыс істемей тұрғандығы айтылса, Шемонаиха қаласындағы Вокзальная мен Чапаев атындағы көшелердің қиылысына бағдаршам орнатылса деген ұсыныс білдірілді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің осы тектес бірқатар сұрақтарына толықтай жауап берген облыстық жол полициясы басқармасының бастығы С. Абдуллаев ағымдағы жылдың басынан бергі атқарылған жұмыстары жайлы да айта кетті.

Полиция полковнигінің сөзіне сүйенсек, өткен 4 айдың ішінде облыс аумағында барлығы 230 жол көлік оқиғасы орын алыпты. Оқыс оқиғаның салдарынан 40 адам қайтыс болса, 280 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Осы сандарға қарап отырып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырып қарасақ, жол көлік оқиғаларының салдарынан мерт болғандардың саны 2 жарым пайызға азайса, керісінше орын алған апат саны 8,5 пайызға, дене жарақатын алушылардың саны 21,2 пайызға артқан.

Ал жыл басынан бері облыстағы жолдарды 62 462 құқық бұзушылық анықталса, 1274 мас жүргізуші және жылдамдықты арттырған 13500 жүргізуші ұсталған.
Бұдан әрі аталмыш шара барысында «Жолда қабылдау» шарасын ұйымдастырушылар жүргізушілерге құқықтық кеңес беріп, жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив