KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

«Атамандыққа» таласудың ақыры

3.05.2012, 18:00 272


Аягөз ауданы бойынша кәмелетке толмағандар арасында криминогендік ахуал ушығып тұр. Биыл қаңтар мен ақпан айларында К.Бозтаев атындағы
мектеп пен гимназия және лицей оқушылары арасында топтық төбелес бірнеше рет қайталанған. Қақтығыстар салдарынан екі бала дене жарақатын алып, пышаққа түскен. Топтық төбелестер жөнінде 4 қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Топ-топ болып мектептерге бөлініп, суық қару қолданып төбелесудің салдары неде?» деген заңды сауал туындайды.
– Бұл төбелестің негізгі себептері – мектеп оқушыларының «билік жүргізуге» құмартуы, яғни, жасөспірімдер тілімен айтқанда, «атамандыққа» таласуы. Мектептерде тәрбие ісінің дұрыс жолға қойылмауы мен отбасында ата-аналардың балалар тәрбиесіне мән бермеуінің салдарынан деп білемін. Балаларының болашағын ойлаған ата-аналар кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторлармен, мектеп басшылығымен және ұстаздармен тығыз байланыста болулары қажет, – дейді қалалық аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры Р.Абенжанова.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив