KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Боз кілемде атой салды

20.04.2012, 18:00 105



Үржар ауданы Б.Сахариев атындағы Бақты білім ұясының оқушылары Елбасы Жолдауындағы салауатты өмір салтын халық арасында насихаттау жолында көпшілікке үлгі болуда.

Аудандық спартакиада бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасында Үржарда қазақ күресінен жарыс өтті. Бұл сайысқа 21 команданың палуандары қатысып, бақтарын сынады. Бапкер Асқарбек Тастанбековтің шәкірттері боз кілемде атой салып, қарсыластарын бірінен соң бірін тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Жарыс қорытындысында Бақты ауылының палуандары бас бәйгені иеленді. Жеңімпаз болған жүлдегерлер санатында Е. Рамазанов, Ғ.Мүсілім, Қ.Садықанов бірінші, Ә.Мәди екінші, Ж. Дәулетханов үшінші орынды иеленді.


Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив