Зайсан ауданында 101 жастағы соғыс ардагері өз таңдауын жасады
Айнабұлақ ауылындағы №606 сайлау учаскесінде аудандағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы Зәкен Құрманғожанов өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Зәкен Құрманғожанов 1923 жылы Зайсан ауданы, Сарыжыра ауылында дүниеге келген. Соғыс ардагері, өзінің саналы ғұмырында көптеген қиындықтарды көріп, мол тәжірибе жинақтаған ақсақал - бүгінгі таңда жастарға үлгі. Биыл Зәкен ата 101 жасқа толып отыр, бұл оның өмірі мен Отанға деген қызметінің жарқын дәлелі.
Зәкен атаның бүгінгі күннің маңызды оқиғаларына қатысуы еліміздегі патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі болып табылады.