ШҚО-да ғалымдар үлкен жауапкершілікпен дауыс беруде
Физика және технология кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, PhD доктор Ләззат Баймолданова елдегі елеулі оқиғаға қатыспай қалу ағаттық дейді және өз даукысн бере отырып өңірдегі маман даярлау барысы туралы ақпаратпен бөлісті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Қазіргі уақытта АЭС құрылысы, оның ішінде кадрларды дайындау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. АЭС-те жұмыс істеу үшін мамандар даярлау – бұл Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жөніндегі жоспарларды іске асырудағы маңызды қадам. Қазақстандықтар қалай дауыс бермесін, маман даярлау жағын біз тек дамыта бермекпіз. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті 2012 жылдан бастап "В054 Физика" білім беру бағдарламаларының тобына кіретін 6В05303-“Ядролық физика және атом энергетикасы" білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. "6В05303 – Ядролық физика және атом энергетикасы" білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында сұранысқа ие ядролық физика және атом энергетикасы саласында іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Біздің студенттер Алматы қаласындағы Ядролық физика институтында және Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта экскурсиялар мен тағылымдамалардан өтеді. Біздің түлектер Ұлттық ядролық орталықта ғылыми жобалармен айналысатын Қ.Самарханов, Л.Ерыгина, А.Бакланов сияқты мықты мамандармен жұмыс істейді. Ал докторанттарымыз ядролық физика мен атом энергетикасын дамытуға байланысты мемлекеттік жобаларды орындауға қатыса отырып, ҚР ҰЯО-да өз ғылыми зерттеу жұмыстарын жасап отыр, – дейді Л.Баймолданова.
Оның айтуынша, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықпен бірлескен ғылыми зерттеулер арқылы біздің студенттер мен түлектер елдің ғылымы мен технологиясының дамуына үлес қоса отырып, озық жобаларға қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар ғалым-ұстаз дауыс берудің айрықша маңыздылығына тоқталды.
- Бүгінгі күн - дауыс беру мүмкіндігі ғана емес, еліміздің энергетикалық саясаты мен экологиясына қатысты мәселеде естілу мүмкіндігі. Референдум - бұл біздің әрқайсымыз үшін өңірдің дамуына, экономикаға және қауіпсіздікке әсер ететін шешімге өз үлесімізді қосуға мүмкіндік, - дейді Ләззат Сарқытбекқызы.
Оқи отырыңыз