KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Әлем мойындаған К. Байсейітованың есімі халық жүрегі мен жадында мәңгі сақталады

18.04.2012, 18:00 185


- К. Байсейітованың көркем бейнесі ұлттық музыка өнерінің мақтанышы болып қала бермек. Бұл туралы кеше Астанада Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған салтанатты шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім етті.

«Ұлттық опера өнерінің қалыптасуы тарихында есімі алтын әріппен жазылған, халқымыздың біртуар перзенті, қазақтың бұлбұлы атанған Күләш Байсейітованың туғанына жүз жыл толуына арналған салтанатты кеш - еліміздің мәдени, рухани өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі. Халықтың махаббаты мен құрметіне ие болған К. Байсейітова жиырма төрт жасында Кеңес Одағының Халық әртісі деген жоғары атаққа ие болды»,- деп тоқталды министр.

Осы орайда Д. Мыңбай қазақтың бұлбұлы әлемдік, қазақ және орыс классикалық опералары репертуарларында сомдаған рөлдерінің галлереясы өте бай екенін атап өтті.

«Оның тұңғыш сомдаған «Қыз-Жібек» операсындағы көркем бейнесі ұлттық музыка өнерінің мақтанышы болып қала бермек. Әлем мойындаған асқақ әншінің есімі халық жүрегі мен жадында мәңгілік сақталады. Қысқа ғұмырында кейінгі ұрпаққа өшпес, өлмес үлгі-өнеге болар ғажайып мұра қалдырған дара тұлғаның рухына тағзым етіп, оның қайталанбас өнерін насихаттау мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бүгінгі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие деп есептейміз», - деді Д. Мыңбай.

http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив