KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Атырауда лаңкестікке қатысы бар 47 айыпалушы жалпы және қатаң режимдегі өтеумен 5 жылдан 15 жылға дейін сотталды

18.04.2012, 18:00 233


Атырауда кеше лаңкестік қызметіне айыпталып отырғандарға қатысты үкім шығарылды.
Облыс прокурорының тергеу амалдарын қадағалау жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ғалымжан Құлмановтың айтуынша, 47 адам жалпы және қатаң режимдегі өтеумен 5 жылдан 15 жылға дейін сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда лаңкестік әрекетіне және осындай әрекетке қолғабыс еткен топтың үстінен сот үдерісі 1 айдан астам уақытқа жалғасты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Атырау қылмыстық істер жөніндегі облысаралық мамандандырылған сотында өтіп жатқан жатқан сот процесіндегі айыпталушылар орындығында 42 адам отыр.
Олардың барлығына лаңкестік, лаңкестікті насихаттау, лаңкестік топты құру, оған басшылық жасау және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ экстремизм немесе лаңкестік қызметті қаржыландыру айыптары тағылып отыр, Айыпталушылардың жасы - 22-32 жас аралығында.

Олар 2011 жылдың тамыз-қыркүйек айларының соңында ұсталған болатын. Оларды ұстау кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен күдікті атылып өлтірілді.

Екінші факті бойынша 5 адам айыпталып отыр. Оларға лаңкестік актілерді жасауға қатысы бар деген айып тағылып отыр - 2011 жылдың 1 қазанында, жанкешті облыс әкімдігі мен қалалық прокуратураның маңында екі жарылғыш затты іске қосқан болатын. Бұл сот тергеу абақтысында өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырауда және көршілес облыстарда лаңкестік актілерді жасауға даярланған айыпталушылардың барлығы сот алдында жауап беріп жатқан жоқ. Күдіктілердің бірқатары шетелде жүргені белгілі. Тергеу барысында олардың Пәкістанмен және Ауғанстанмен байланысы бақыланды. Күдіктілердің бірі бұған дейін Украинаның Киев түбінде ұсталды.

Сот процестерінің екеуі де жабық режімде, күшейтілген қауіпсіздік шараларымен өтті.

http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив