KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жас курчатовтықтар лаңкестікке қарсы

15.05.2013, 18:00 281


«Нұр Отан» ХДП Курчатов қалалық бөлімшесінде жастар бастамашылығын дамыту орталығы «Лаңкестік - қоғамға қатер» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дөңгелек үстел жұмысына қала кәсіпорындары мен мекемелерінің жастары қатысты. Кездесу лаңкестік туралы деректі фильмді көру және оны талқылаудан басталды.

Одан кейін жастар бастамашылығын дамыту орталығының заңгері Қазақстан Республикасының лаңкестікке қатысты қолданыстағы заңнамалары туралы әңгімелеп берді.

Жиынға қатысқандарға «Лаңкестік әрекет қатері кезінде әрекет ету ережесі», «Қалайша лаңкестік әрекеттің құрбаны болмауға болады», «Азаматтық қырағылық деген не» атты кітапшалар таратылды.

Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе жас курчатовтықтар лаңкестіктен қорықпау керектігін, кез келген жағдайда қырағы, әрі сақ болу қажеттігін атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив