KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Лаңкестік қылмысы бойынша 47 күдіктіге қатысты сот болады

1.03.2012, 18:00 171


Атырауда лаңкестік актілерді жасауға дайындалған деген айыппен сот алдында 47 адам жауап береді, хабарланды Атырау облысы прокурорының көмекшісі Ляззат Нұрмағамбетова.

Оның сөзіне қарағанда, екі факті біріктірілген ортақ қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бірінші факті бойынша Атырау және көрші облыстардың аумақтарында лаңкестік актілерді жасауға дайындалды деген күдікпен 42 адам айыпталып отыр. Олар тамыз айының соңында ұсталды.

Ұстау барасында қарсылық көрсетпек болған күдіктілердің бірі оқ тиіп өлді. Екінші факті бойынша 5 адам айыпталып отыр. Оларға 2011 жылдың 1 қазанында, жанкешті облыс әкімдігі мен қалалық прокуратураның маңында екі жарылғыш затты іске қосқан - лаңкестік актілерді жасауға қатысы бар деген айып тағылып отыр.

Ұсталғандардың басым денін жастар құрайды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив