KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Елімізде интернационалист-жауынгерлерді еске алуға арналған митинг өтті

7.04.2012, 18:00 269



Кеше Қазақстан Ішкі әскерінің барлық бөлімшелерінде 1995 жылғы 7-сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза болған 17 жауынгерін еске алу шаралары өткізілді.

ТМД-ның сыртқы шекараларын қорғауға жіберілген қазақстандық интернационалист-жауынгерлер, құрама ротаның орналасқан орнын ауыстыру кезінде моджахедтер жаудырған оқ астында қалған еді.
Сол қанды айқаста көз жұмған қыршындар арасында әскерге Павлодар облысы Железин ауданының Березовка селосынан шақырылған қатардағы жауынгер Қанат Едырышев те болған еді. Жыл сайын 7-сәуірде жерлестері Қанатты еске алу митингін өткізіп, Даңқ Ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Канат Едырышев оқыған сынып жергілікті мектеп тарихындағы ең үлкен және ең тату ұжым болатын. Және сыныптағы 42 оқушының 25-і ер балалар болды. Ал Қанат балалардың ішіндегі ең салмақтысы және жауапкершілігі мол, сабырлы, өте тиянақты еді,-деп еске алады сынып жетекшісі. Қазір оның сыныптастарының отбасылары, бала-шағалары бар, олар жыл сайын мектепке келіп, қаза болған достарын еске алады.

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында болған сол оқиғалар туралы «Қазбат» атты деректі фильм түсірілді. Моджахедтер кенеттен шабуыл жасағанда 7-рота Пяндж өзені жағасындағы Пшихавр шатқалы арқылы өтіп бара жатқан еді. Алты сағатқа созылған қанды айқас 17 жауынгердің өмірін қиып кетті, 33 жауынгер жарақат алды. Қанат небары 19-да еді. Президенттің Жарлығымен ол қаза болғаннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Қанаттың ағасы жас жігіттің соңғы хатта, бір айдан соң үйге ораламын деп жазғанын айтады.

Қанат туып-өскен Березовка селосының Павлодардан тым шалғай, шамамен 300 шақырымдай жерде орналасқанына қарамастан, Ішкі әскердің 5512 әскери бөлімінің жауынгерлері мен офицерлері жыл сайын осында келіп, Даңқ ескерткішіне ер жігіттің жерлестерімен бірге, гүл шоқтарын қойып, тағзым етеді.

Соғыс ардагерлері, кадеттер және «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысқан үлкен митинг Павлодардағы Жауынгер даңқы мұражайы алдында да өтті. Мұнда 7-құрама рота жауынгерлері құрметіне салют берілді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив