KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, СШ
471.46 504.79 5.53

Қазақстанда азаматтарды әскери қызметке шақыру басталды

1.04.2012, 18:00 209


2012 жылдың 2 сәуірінде Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру басталды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ҚР Президентінің жарлығына және ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жылыа екі рет өткізіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен әскерге шақыру барысында азаматтардың денсаулығына тиянақты тексеріс жүргізетін медициналық комиссиялар құрылды.

Биылғы көктемде 18-27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам
ер азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланып отыр. Олардың қатарына әскерге шақырылудан босатылған немесе кейінге қалдырылған, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған 27 жасқа дейінгі азаматтар кіреді.

Осы көктемде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне 8 мыңға жуық жас шақырылмақ. Қалған бозбалалар Республикалық ұланның, ІІМ Ішкі әскерлерінің, ҰҚК Шекара әскерлерінің, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне жіберіледі.

Сонымен қатар, мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілерді жоспарлы түрде запасқа шығару шаралары да жүргізілуде.

2012 жылғы көктемгі әскерге шақырудың негізгі ерекшелігі шақырылушылар санының ұлғайтылып, олардың білім деңгейлері мен денсаулықтарына қойылатын талаптың артуы болып отыр. Сондай-ақ, азаматтардың моральды-психологиялық ахуалына да барынша мән берілмек.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив