KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскемен әкімі «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жаңа төрағасы болып сайланды

14.03.2012, 18:00 246


«Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесін Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев басқарады.

Жуырда өткен кезектен тыс партияның 13-ші конференциясында С. Тәукебаевтың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі күнге дейін қалалық партиялық ұйымды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Ислам Әбішев басқарып келген болатын.

Қалалық партиялық ұйымның жаңадан сайланған жетекшісі Серік Тәукебаев әріптестеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіре келе, үміттерін ақтайтынына сендірді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив