KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 3 м/с, Ю
471.46 504.79 5.53

«Қазақ аруы» жеңімпазы тележүргізуші лауазымын иеленеді

14.03.2012, 18:00 107


Алматыда қазақ қыздары арасында «Қазақ аруы» сұлулық байқауының финалы өткізіледі. Жеңімпаз сыйлыққа скифтік үлгіде жасалған қол жұмысы күміс тәж алып, «Ел арна» телеарнасына жүргізуші болып орналасады. Бұл туралы байқаудың бас продюсері Баян Есентаева мәлім етті.

«Қазақ аруы» тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сондықтан оған қатысатындар қазақ тілін міндетті түрде жетік білуі қажет. Сондай-ақ, байқаудың үміткерлері сұлулығы мен биязылығына қоса ұлттық дәстүрді де жетік білетін болуы керек.

Байқау финалына Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 16 мен 25 жас аралығындағы 21 қыз қатысады. Қазылар алқасы құрамында - продюсер Баян Есентаева, тележүргізуші Айгүл Мүкей, «Қазақфильм» АҚ директоры Ермек Аманшаев, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева бар.

«Қазақ аруы» қазақ қыздарының сұлулық байқауының финалы 2012 жылдың 19 наурызында Алматы қаласында өтеді.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив