KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Депутат Жалмағамбетова шенеуніктерді жарықсыз отырған ауылдарға жіберуді ұсынды

14.03.2012, 18:00 164


Бейсенбі күні ҚР Парламенті Сенатының отырысында палата депутаты Светлана Жалмағанбетова Астана маңындағы қала сыртындағы ауылдарды жарықпен қамту мәселесін тағы көтерді.

«Мен бірнеше мәрте көтеріп, алайда әлі шешімін таппай отырған мәселе – ол Астана маңындағы ауылдарды электр жарығымен қамту мәселесі. Қала шеті маңындағы ауылдарды дамыту кешенді жоспарының іске қосылғанына екі жыл болды және осы мақсаттарға осымен екінші жыл бір тиын да бөлінбей келеді. Жауап біреу ғана – қаражатты көп қажет ететін жобалар. Кешіріңіздер, жоспар игеріліп, бекітіліп жатқанда барлықтарыңыз қайда қарадыңыздар?», - деген наразылығын жеткізді Жалмағамбетова.

Сенатордың айтуынша, 2012 жылға 5 ауыл үшін 1,945 млрд теңге бөлу қарастырылған, оған қоса индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің бюджетті нақтылау кезінде қаражат бөлу туралы хаты да бар.

«Бүгін нақтылау қарастырылып жатыр, ал ақша болмаған күйі әлі жоқ. Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, мүмкін қаражат бөлуге қарсы шенеуніктерді Қоянды немесе Талапкерге іссапарға жіберерсіз, бір-екі күн жарықсыз, майшамның астында өмір сүре тұрсын, ауыл тұрғындарының жағдайын сонда барып түсінер», - деген ұсыныс жасады депутат.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив