KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

«Жан-жүрегім - Астана» фильмнің тұсауы кесілді

7.03.2012, 18:00 130


Қазақтың елордасы дегенде ақын-жазушылардың шабыттары келіп, төпелеп жазатыны бар. Тек олар емес, бүгінде кинорежиссерлер де білекті түріп, фильм түсіруге көшті. Иә, ажарлы, айбарлы, ертегідей елорда туралы жаңа фильм «Жан-жүрегім - Астана» деп аталады.

Егор Кончаловский бастаған ресейлік және отандық кинорежиссерлердің бірлесе жасаған туындысының кеше тұсауы кесілді. Жалпы, соңғы кездері Астана туралы фильмдер көп түсіріліп жүр. Бірақ бұл жолғысы киноновелла болды. 10 режиссер барын салып, тылсым 10 оқиғаны баян етіп шыққан. Түсірілімдер аяқталып, монтажы бітіп, міне, енді фильм көрерменге жол тартты.

Бұл Егор Кончаловскийдің ұшақтан түскен беті. Қызыл кілемсіз, сымбатты актрисаларсыз кино кино бола ма? Нақтырақ айтсақ, киноальманах. «Жан-жүрегім -Астана» кейіпкерлері әр түрлі, сюжеті дара, бөлек-бөлек 10 фильмнен тұрады. Еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін түсірілді. Десе де, «жастарды көбірек көрсетуге тырыстық, өйткені, Астананың өзі жас емес пе» деді арнамызға жеке сұхбат берген режиссер Кончаловский.

Тарихына келсек, туынды осыдан тура 1 жыл бұрын түсіріле бастады. Фильмнің шығуына себепкер - Астана әкімі. «Мәскеу, мен сені сүйем» киносын көре сала Иманғали Тасмағамбетов Кончаловскийге қоңырау шалып, ұсыныс жасапты. «Жан-жүрегім - Астананың» ғұмыры сол сәттен басталды десек те болады. Астананың бет қаратпайтын қақаған аязында, ми қайнататын аптап ыстығында да фильмнің түсірілуі тоқтаған жоқ.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив